Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары » Жанама орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанама қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-45
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары
11
март
2018

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары

«Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы

24.02.2018 жыл №1 Жанама ауылы

Күн тәртібінде 1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің
алдындағы есебі

қатысқандар-5 қатыспағандар-4

Тыңдалды: Отырысты мектеп директоры Р.Қоразова өзі ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Мектеп директоры мектепте өтіп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.
2 қыркүйек күні «Сыңғырла күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға ауданнан аудандық маслихат депутаты Қойшыманов Өмірсерік Төлегенұлы келіп қатысты. Мектеп әкімшілігі тарапынан ардагер ұстаз Қалдаманаов Тұрсынхан шақырылды. 1-11 сынып оқушылары арасында «Мен-Патриотпын» атты алғашқы білім сабақтары өткізілді. Тақырыпқа сай барлық сыныптарда көрнекіліктермен безендендірілген. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатыны туралы ой тастау.Кіші отан туралы түсінік қалыптастыру. Сынып жетекшілер өз сабақтарында әдістемелік нұсхаулық хатта берілген жаңа тәсілдерді «Ақыл картасы», «Синквейн» әдісін, «Идеялар» қоржынын, «Ыстық орындық», Блумның жеті әдісін және дебаттың түрлі әдісін қолданды.Топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Жалпы мектепішілік 3 іс-шара өткізілді.Ол: қарттар күні мен ұстаздар күні және алтын күз мерекесі.Алтын күз мерекесіне барлық сынып оқушылары қатысты. Қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, ауылдағы жалғыз басты қарт әже Мухамеджанова Күлімхан апайдың үйіне көмекке барып, көмектесті. Ал ұстаздар мерекесіне «Ұстаз мәңгі есім» атты көгілдір от өткізілді. «Рухани жаңғыру-дәуір талабына сай жаңғыру» ашық тәрбие сағатын 9-11 сынып оқушыларымен Сарсембаева Ардаш ұйымдастырып, оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру-өркениет жолы» атты көрме ұйымдастырылды.
Ұсыныс: 1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
қанағаттанарлық деп танылсын..

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Карсембаев Е
Хатшысы: Б.Белдеубаева


Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Жанама ауылы, Қ.Ақпаев көшесі, 7 үй

Жетысуская область,Алакольский район,село Жанама,К.Акпаев д 7
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Жанама орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru