Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары » Жанама орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанама қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-45
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары
09
январь
2018

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары


«Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің есебі

«Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 02.09.2017 жылы №1-23 бұйрығы негізінде «Қамқоршылық» кеңесі құрылды. Кеңеске мүшелікке ауыл азаматтары жеке кәсіпкерлер мен аймақтық полиция инспекторы енгізілді.
Атап айтсақ: Карсембаев Е, Мухаметкалиев О, Бекқожаев Қ,
Жылқыайдаров С, Белдеубаев С, Кенжеханов Б, Белдеубаева Б, Баянбаев Д, Төлегенов Т.
Қыркүйек айында 1 отырыс және желтоқсан айында 1 отырыс жоспарланып өтілді. Қыркүйек айындағы отырыста қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырылып, қамқоршылық кеңесінің құрамы сайланды.
Кеңес төрағасы болып Карсембаев Ерік сайланды.Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 7 сынып оқушысы Баяхмет Ерасылға Б.Шұғаев киім-кешектей көмек көрсетті. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қамқоршылық кеңесінің шешімімен мектептің жаңа жылдық мерекесінің безендендіру жұмыстарына 20000 ақшалай көмек көрсетілді.


Мектеп директоры: Р.Қоразова


«Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы

07.09.2017 жыл №1 Жанама ауылы

Күн тәртібінде 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру
2. Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау.
3.2017-2018 оқу жылына кеңестің жылдық жоспарын
жоспарлау.
қатысқандар-8 қатыспағандар-1

Тыңдалды: Отырысты мектеп директоры Р.Қоразова өзі ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
1-мәселе бойынша Алакөл аудандық білім бөлімінің 22.09.2017 жылғы №505-Ө бұйрығының 1-қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып өтті.Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамына кімдер кіретіндіктері айтылды.
2-мәселе бойынша ораталарыңыздан дауысқа салып қамқоршылық кеңесінің құрамын анықтап сайлап алсақ.
Отырысқа қатысушылардың ақылдасуымен Е.Карсембаев-қамқоршылық кеңесінің төрағасы, О.Мухаметкалиев-орынбасары, Б.Белдеубаева –хатшысы, қалған 6-адам мүшелері болып сайланды.
3-мәселе бойынша биылғы оқу жылына жылдық жұмыс жоспарын жоспарлап құрды.

Ұсыныс: 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырылды.
2.Қамқоршылық кеңесінің құрамы сайланды.
3. 2017-2018 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
бекітілді.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Карсембаев Е
Хатшысы: Б.Белдеубаева




«Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы

21.12.2017 жыл №2 Жанама ауылы

Күн тәртібінде: 1. Мектептегі мерекелік іс-шараларға қатысу, көмек көрсету.
2. Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз
қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен
танысу.
қатысқандар-5 қатыспағандар-4

Тыңдалды: Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Карсембаева ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
1-мәселе бойынша кеңес мүшесі Т.Төлегенов сөз алды. Мектептегі келе жатқан мерекелік іс-шара жаңа жылдық шырша мерекесі.Осы іс-шараға орай кеңес мүшелерінің ақылдасуымен көмек көрсетілсе. Оқушыларға жалпы мектепке деген ойымыз бар.Осы ойымды сіздер құптайды деген ойдамын. Безендендіру жұмыстары және оқушылардың кейіпкерлер киіміне қаржылай көмек көрсетілсе. Сонымен бірге жетім, жартылай жетім, аз қамтылған оқушыларға көмектер көрсетсек.
Осы мәселеге байланысты Д.Баянбаев сөз алды. –Біздер кәсіпкерлер жыл сайын ауыл шыршасына қомақты көмек көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысамыз. Ендігі кезекте осы мектепке де көмек ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болар еді.
2-мәселе бойынша Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, азқамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен таныссақ. Сондай отбасылар ауылымызда бар. Сол отбасыларға көмек көрсетілсе қалай ойлайсыздар.Сіздердің пікірлеріңіз маңызды, себебі сіздер қамқоршылық кеңесінің мүшелерісіздер.
Басқа кеңес мүшелері бұл мәселені қолдайтындарын білдірді.

Ұсыныс: 1. Шырша мерекесіне безендендіру жұмыстарына қаржылай көмек
көрсетілсін.
2.Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз
қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен
танысу қаңтар айының аяғына жоспарлансын.


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Карсембаев Е
Хатшысы: Б.Белдеубаева
Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Жанама ауылы, Қ.Ақпаев көшесі, 7 үй

Жетысуская область,Алакольский район,село Жанама,К.Акпаев д 7
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Жанама орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru